Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

256
көрілім
Фотосурет: esquire.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2,4 миллионға жуық зейнеткер тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 1,8 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленгенін хабарлады.

- Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 275,8 миллиард теңге жұмсалды, - деп хабарлады министрлік.

2024 жылдың 1 шілдесіне жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге.