Қазақстанда орташа жалақы қандай?

9441
көрілім

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша Қазақстанда орташа номиналды жалақы 2022 жылдың төртінші тоқсанында (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында сыйақы мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептегенде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан аламыз. Айта кетсек, бұл дерек кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылған, - дейді бюроның еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Оның айтуынша, орташа айлық жалақының ең көп өсуі құрылыс саласында — 42%,тұрғын үй және тамақтану қызметтерін көрсетуде — 32,6%, ақпарат пен байланыс — 31,9% тіркелген. 2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық номиналды жалақының төмендеуі өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында 2,4%-ға байқалды. Аймақтар арасында орташа жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында - 35,2% тіркелген. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды - 6,5%.

Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы - 204 168 теңге. Ұлттық статистика бюросы бірінші бөлімді орташа жалақы - 285 433 теңге, екіншісінде - 312 011 теңге,үшіншісінде  -299 782 теңгенің құрғанын еске салды.

Мөлдір ЖАРЫЛҒАПОВА