Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулезбен ауырғандардың шамамен төрттен бірінде емдеуге келмейтін формасы анықталады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен. Бұл аурудың белгілері-тұрақты жөтел, шаршау, салмақ жоғалту. Дәрілік заттардың әсеріне төзімділігі өсіп жатқаны айтылады.
Global Fund зерттеушілері (ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін ғаламдық қор) аурудың "жаһандық қауіпсіздік үшін апат салдарының ықтимал қаупі" екенін ескертеді.
"Туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Сіз оларды кез келген жерде жұқтырасыз. Сол немесе басқа елдің тұрғындарын жұқтырудың алдын алудың ең жақсы жолы - ол пайда болған жерде туберкулезбен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әркім ауырып қалуы мүмкін. Елдер үкіметтеріне оянатын уақыт келді", - дейді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.