Биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Оған қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған.
«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», - деп мәлім етті Аида Балаева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын министр Аида Балаева Ұлттық құрылтай ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформаға айналғанын айтқан еді.