Қазақстанда педофилдерді мәжбүрлі түрде емдеу шарасын қарастыратын заңнама өзгерістері күшіне енді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде педофилдерге химиялық кастрация қолданылатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, баланың құқығын қорғауға бағытталған заңнамаға 2016 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Ондағы ережелердің бірі ретінде химиялық кастрация қарастырылған еді.
Химиялық кастрация кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен 18 жастан асқан адамдарға қолданылады. Бұл жаза сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша жүргізіледі.