Елімізде сүндеттеу рәсімін тегін өткізу мәселесі талқылануда деп хабарлайды buqara.kz Sputnik мәлімет көзіне сүйене отырып. Әзірше жұмыс деңгейінде көтеріліп отырған бұл сұрақ алдағы уақытта жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Сүндеттеуді тегін медициналық қызметтің қатарына қосу ұсынысы туралы Қазақстанның дін және азаматтық қоғам істері бойынша вице-министрі Берік Арын мәлім етті. Мұндай отаға қатысты заңнама болмағандықтан, оны діни іс-шараға да, медициналық шараға да жатқызуға болады. Дегенмен, аталмыш мекемеде оны білікті дәрігер мамандардың жүргізгені дұрыс деген пікірге келіп отыр.