Қазақстанда бір жыл ішінде театр билетінің орташа бағасы 7,5% қымбаттап, 732 теңгеге жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Елімізде 68 театр бар. Олардың 25-і Астана мен Алматыда орналасқан. Ең қымбат билеттер Алматыда (2134 теңге, жыл ішінде +5,1%), Астанада (1095 теңге) және Атырауда (1000 теңге, бір жыл бұрын екі есе арзан болған) сатылады.
Жыл басында елімізде 68 театр болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе артық. Олардың көбісі Алматыда (19 театр, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 есе көп), ОҚО-да (8 театр) және Астанада (6 театр) орналасқан.
Өткен жылы театрлар қазақстандықтарға 16 мың қойылым қойды. Оның 363-і жаңа спектальдер болды.
Театрға 2,8 миллион адам келді, оның алдындағы жылда 2,3 миллион адам тамашалаған. Олардың 1,3 миллионы – балалар.