Қазақстанда емделушілерге тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес тізімнен аурудың 32 түрін емдеуге арналған 38 препарат алынып тасталады.
"Тегін" тізімінен алынып қалатын дәрі-дәрмек ішінде аурулардың келесі түрлерін емдеуге арналған препараттар бар:
- асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
- ауруханадан тыс пневмония;
- гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы;
- бас сүйек нервтерінің зақымдануы;
- жедел/созылмалы синусит;
- жедел/созылмалы кератит;
- эритема көп формалы;
- сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
- эндометриоз;
- несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;
- гастрит және дуоденит;
- созылмалы панкреотит;
- холецистит;
- өт тас ауруы;
- мигрень.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп мәлімдейді. Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады