Қазақстанда тұрғындардың 4 санаты тегін азық-түлік себетін алады

495
көрілім
Шартты фотосурет

Төтенше жағдай режімі кезінде қазақстандықтардың 4 санаты тегін азық-түлік себетін ала алады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, жеткізу қызметі үшін 109 колл-центріне хабарласудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Азық-түлік себеттері балалары 6 жастан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын (бірінші санат) аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Екінші, үшінші және төртінші санатқа карантиндік аймақтарда тұратындар, атап айтқанда:

  • АӘК алатын ересек отбасы мүшелері, оның ішінде көпбалалы жанұялар;

  • барлық жастағы I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалар;

  • мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар.

– «Азық-түлік себеттерін жеткізу үшін 109 колл-орталығына қоңырау шалу қажет» деп мессенджерлерде таралып жатқан ақпараттарды теріске шығарғым келеді. Бұл жалған ақпарат. Оның салдарынан желілерге де жүктемелер көп түсуде, - деді Абаев. – Жалған ақпарат таратқан автор табылған бойда жазаланады.

Жауапты тұлға бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған екі пациент сауығып кеткенін хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустың 80-нан астам оқиғасы расталды. 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай режімі қолданылуда. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыда карантин енгізілді.