Қазіргі уақытта "Қазгеология" ҰГК" АҚ 18 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, оның 5-уі Жезқазған, Сәтпаев және Алтай моноқалаларының маңында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ ке сілтеме жасап.
Мысалы, Қарағанды облысында: Қайынды учаскесінде аумағы 3835 ш/км, Сегізбай-Көл – 1430 ш/км, Үшшоқы учаскесінде - 515,5 ш/км болатын іздестіру жұмыстары бойынша үш жоба іске асырылуда.
Учаскелер Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан 100 км қашықтықта орналасқан. Жезқазған кәсіпорнының шикізат базасын қалақұраушы рөлімен толықтыру осы өңірдің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Шығыс Қазақстан облысында "Қазгеология" АҚ Зырян ауданы Ревнюшин алаңында алтын-полиметалл кен орындарын анықтау үшін ірі масштабты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қорларды бағалай және есептей отырып кенді минералдау анықталса, бұл Зырян кен ауданының шикізат базасын нығайтады.
Бұл жобалар болжамды ресурстарды бағалай отырып, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен кен көріністерін анықтауға және контурлауға бағытталған.
Сондай-ақ іздестіру жұмыстарының материалдары бойынша тиісті масштабтағы учаскелердің геологиялық карталары, оларға қималар және геофизикалық және геохимиялық зерттеулер нәтижелерінің карталары жасалады. Ірілендірілген көрсеткіштер бойынша анықталған объектілерге геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық-барлау жұмыстары бойынша ұсынымдар берілетін болады.
Ағымдағы жылы нысандар бойынша далалық, зертханалық және камералдық жұмыстар жалғастырылады, олардың нәтижелері бойынша зерттелетін аумақтардың перспективаларына түпкілікті баға беріледі.
Учаскелерді геологиялық зерттеу және іздестіру процесіне жерді қашықтықтан зондтау, геофизикалық, бұрғылау, тау-кен жұмыстары, зертханалық-аналитикалық зерттеулер және материалдарды камералдық өңдеу кіреді.