Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне жаңартулар енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, тізімге келесідей даталар қосылды:
Мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері күні – 7 сәуір;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
Ветеринарлық қызметкерлер күні – 10 шілде;
Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Аталған құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.