Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан үш айда 618 бала зардап шеккен

764
көрілім

Өскеменде құқық қорғау және медицина саласының қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізіп, «Жол үстіндегі балалардың қауіпсіздігі» атты айлықтың жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– 2017 жылдың алғашқы үш айының көрсеткіші бойынша Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 бала көз жұмған. Сондай-ақ, 618 бала әр түрлі дәрежеде жарақат алған. Сараптама жұмыстары көп жағдайда автокөлік ішіндегі балалардың күрделі жағдайға тап болатынын көрсетіп отыр, – дейді ОС ӨСҚПО дәрігері Наталья Сабанова.

Баспасөз мәслихатында ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Андрей Ларионов облыс бойынша «Жол үстіндегі балалардың қауіпсіздігі» атты акция 1 мамыр – 1 маусым аралығында өтетінін хабарлады. Шара бойынша, мектептердегі оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілмек.

Мейрамбек Қосажан