Қазақстандағы ең өтімді көліктер белгілі болды

352
көрілім

2019 жылдың 9 айында Қазақстанда 33 500 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған көліктердің жалпы құны 229 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 41,2 пайызға өсіп, 29 846-ға жетті.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 29 693 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 43,6 пайызға жоғары болды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 208,6 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 73,7 пайызға жоғары болды.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (10 913 көлік), Hyundai (9 954), KIA (2 339), Ravon (1 561) және Skoda (790) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (658 көлік), Chevrolet (617), UAZ (294), сондай-ақ Peugeot (29) бар екенін атап өткен жөн.