Қазақстандық қос спортшы Париж Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады

595
көрілім
Фотосурет Turkystan.kz сайтынан

Кеше палуандарымыз Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали жарыс жолына шығып, медальға қол созып көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
130 келіге дейінгі салмақта бозкілемге беттеген Әлімхан Сыздықов алдымен румын спортшысын ұтып, ширек финалға шықты. Келесі айналымда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сабах Шариатимен күресіп, оған есе жіберді. Шариати болса, жартылай финалда төрт дүркін Олимпиада чемпионы Михаин Лопеске (Куба) ұтылды. Осылайша, Сыздықов жұбаныш белдесуінен қағылды.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен қызылордалық Айдос Сұлтанғали 1/8 финалда қырғыз спортшысы Жоламан Шаршенбековпен жолығып, 3:6 есебімен ұтылды. Шаршенбеков ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалға өткенмен ол кездесуде жапон палуаны Кеничиро Фумитаның осал тұсын таба алмады. Енді Жоламанның өзі қола медальға таласады, ал Сұлтанғали жүлдеден қол үзді.