Қазақстандық спортшылар Олимпиададағы жарысын толық аяқтады

127
көрілім
Фотосурет: olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жарысты толық аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Еркін күресте Әлішек Ерғали (97 келі) жұбаныш белдесуінде бүгін сынға түсті. Бұл бәсекеде қазақстандық балуан ирандық Амир Али Азарпирге есе жіберді. Салдарынан ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Осылайша ел құрамасынан соңғы болып жарысты аяқтады. 

Айта кетсек, Париж Олимпиадасында қазақстандықтар 25 спорт түрінен 92 жолдамаға ие болған еді. 

Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен әзірше 41орынға тұрақтап тұр.

Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Ойындардың жабылуын тікелей эфирден 23:15-те JIBEK JOLY, Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады.