2023 жылдың қыркүйегінен бастап 250 000 колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл ол 300 мыңға жуық студент контингентімен тағы 50 пайызға өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алатын болады. Жұмысшы біліктілігі бойынша оқитын студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі", - деп бөлісті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов. .
Оқу-ағарту министрлігінде елдегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқитынын, оның ішінде 344 мың студент тегін техникалық және кәсіптік білім алатынын атап өтті.