Қазақстандықтар енді аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

286
көрілім
Фото:qarmaqshy-tany.kz сайтынан

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

- Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, - деп айтты Смышляева Мәжілісте.

Бұған дейін депутат заң жобасының негізгі нормаларын айтып берген болатын.