Қазақстандықтардың көпшілігі азық- түлік бағасының қымбаттауына алаңдаулы. Тұрғындар арасында тоқсан сайын сауалнама жүргізетін Nielsen Kazakhstan компаниясының өкілдері осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы LS агенттігі мамандары мәлімдеді. Зерттеу нәтижесі бойынша сұралғандардың 69% қаржысын үнемдейтіні белгілі болды. Қазақстандықтардың 49% киім сатып алуда ақша үнемдесе, 47% демалыс күндерін қайта жоспарлап, ойын-сауықты қысқартуды жөн көрген. Бір қызығы, ипотека, коммуналдық қызметтер мен өзге де қарыздарын төлегеннен кейін халықтың басым бөлігінде артық ақша қалатыны анықталған. Сонымен, сұралғандардың үштен бір бөлігі қалған ақшасымен несиесін жапса, респонденттердің бір бөлігі киім алады екен. Ал зерттеуге қатысқандардың 22%-і артық қаржысын жинаймыз деп жауап берген.
Соңғы күндері нарықтағы мұнай бағасы күрт қымбаттады. Еске салсақ, 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының екі маңызды нысанына дронмен шабуыл жасалған болатын. Салдарынан әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының біріне зақым келді. Шабуылдан кейін қара алтын бағасы шарықтап кетті.
Елімізде жұмыссыз жүрген жастардың көбі Алматыда шоғырланған. Өңірде 17 мыңға жуық азамат бос жүр. Бұл туралы FinProm агенттігі хабарлайды. Дегенмен, еңбек етіп жүргендер де аз емес. Биылғы жылдың екінші тоқсанында 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ке артық. Статистикаға сәйкес, жастардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істеп, көлік жөндеумен айналысады – 388,8 мың адам. Сұраныстағы екінші сала ауыл, орман және балық шаруашылығы – 253,1 мың адам. Үшінші орында білім беру саласы – 239,7 мың адам. Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ті құрайды. 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Атырау (2,4%), Жамбыл (2,4%) және Ақтөбе (2,5%) облыстарында байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында (6,3%), Қарағанды облысында (5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,5%) тіркелген.