Депутаттар тиісті норманы заңға енгізгелі жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Депутаттар халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізеді. Мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың айтуынша, аталған заң жобасы бір топ депутаттармен «халықтың көші-қоны туралы» Заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстаның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы:
- көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауды;
- кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстары үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеуді;
- экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салуды;
- төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеуді көздейді.
«Жоғарыда аталған жаңалықтарды іске асыру заңнамадағы бар олқылықтарды жою, көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етеді және халықты құжаттандыру рәсімдерін жақсартады. Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді», - дейді ол.