«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына онлайн дауыс беру 2017 жылдың 10 қараша күні аяқталады. Шығыс Қазақстаннан ақтық мәредегі іріктеліп алынған 300 адамның қатарына 31 жерлесіміз кіріп отыр. Олар ғылым, мәдениет, спорт және бизнес өкілдері, олардың қызметі біздің өмірімізді жақсарта түсетіні сөзсіз. Жерлестеріңізге қолдау көрсетіп, дауыс беріңіздер.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүргізілуде. Қазақстанның барлық аймақтары бірнеше ай бойы өмірбаяндары зерттелген, қызметінің қоғамдық маңыздылығына баға берілген үміткерлерін ұсынған болатын. Жобаның ақтық мәресіндегі 300 адамның ішіне 31 шығысқазақстандық кірді. Олардың ішінде қолсыз сурет салатын суретші-мүгедек Сергей Елисеев, Турин-2006, Ванкувер-2010 және Сочи-2014 олимпиада ойындарына қатысқан спортшы-фристалшы Дмитрий Рейхерд бар. Сондай-ақ, біздің облысты жоғары сән конкурстарының лауреаты стильші-шаштараз Владимир Дубинин танытуда. Ал өнертапқыштардың қатарынан сіздер 40-градустық аязда энергия өндіре алатын жел генераторын жасап шығарған Альмира Жилкашинованы және Ферманың Ұлы теоремасын дәлелдеген Олег Пименовты көре аласыздар. Бұлардың қатарында көптеген лайықты, тұрарлық тұлғалар бар.
Әр үміткер туралы толық ақпаратпен біздің сайтымызда танысуға болады. Жерлестеріңізге «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруілеріңізге болады: http://100esim.el.kz/ru.
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медицина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.