Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Тоқан Шайжүнісов өмірден өтті

260
көрілім
Фотосурет: Time.kz

Өскемен қаласы мен Көкпекті ауданының құрметті азаматы Тоқан Шайжүнісов 1944 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтың отбасында дүниеге келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ол еңбек жолын 1963 жылы бастады. Отыз жылдан астам уақыт бойы оның басшылығымен көптеген құрылысшы тынбай еңбек етті. 30 жыл ішінде республика мен облыста жүздеген ғимарат пен түрлі нысан бой көтерді. Ол өз бригадасымен Армения мен Зайсандағы жер сілкінісінен кейін қалалар мен ауылдарды қалпына келтіруге қатысты.

2000 жылы «Қазгипроцветмет» қазақстандық жетекші түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау институтының президенті болып сайланды.

Тоқан Жақияұлы «Жыл адамы», «Жыл қайырымдылығы» атағын бірнеше мәрте иеленген. Сондай-ақ ол облыстық зияткерлік спорт федерациясының негізін қалаушы және президенті, басқа спорт федерациялары кеңесінің мүшесі болған. 

8 шілде күні сағат 18.00-де Орталық мешіттің үлкен залында (Қ.Сәтпаев даңғылы, 90) Тоқан Жақияұлын еске алу кеші өтеді.

9 шілде сағат 09:00 - орталық мешіт аумағында еске алу шеруі.

10:00 - Самсоновка ауылы жанындағы мұсылман зиратында жерлеу рәсімі. 

12:00-де Banquet Hall залында (Қ. Сәтбаев даңғылы, 88/2) асы беріледі.