Қазгидромет: 10-шы маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

413
көрілім

Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.