«Қазгидромет» РМК 25-27 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы 3 тәулікте, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі жоғарылауы мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде өте қатты ыстық ауа райы, күндіз термометр бағандары +40+45 градусқа дейін, солтүстік аймақтарда +27+33, кей жерлерде +35+38 градусқа дейін жоғарылауы болжанды.
Күндіз 25-29 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық болады.
Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градусқа жетуі мүмкін.
Күндіз 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градусқа дейін өте қатты ысиды.