Қазгидромет: ШҚО-да алдағы сәрсенбіге қарай найзағай ойнап, жаңбыр жауады

986
көрілім

«Қазгидромет» РМК болжауынша, Шығыс Қазақстанда 6 маусымға дейін күн ыстық болғанымен, сәрсенбіге, яғни 7 маусымға қарай жаңбыр жауады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, дүйсенбіде (5 маусым) көшпелі бұлт жүргенімен, күн +32 градусқа дейін ысиды. Сейсенбіде де жылы киімді киюге асықпай-ақ қоюға болады. Ауа температурасы 6 маусымда +28-ден градустан төмен түспейді. Ал аптаның ортасына қарай (7 маусым) термометр көрсеткіші күндіз +18-ге дейін төмендеуі ықтимал. Синоптиктер дәл осы күні найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын хабарлайды. 7 маусымда түнгі уақытта ауа температурасы +10-ға дейін төмендеуі мүмкін.