Қазгидромет: ШҚО-да алдағы үш күнде 26 градусқа дейін ысиды

674
көрілім

Шығыс Қазақстанда 4-6 аралығында термометр көрсеткіші 26 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Өскемен және Семей қалаларында сәуірдің 4 күні ауа температурасы +18…+20-ға дейін көтеріледі. Ал 5 сәуір күні термометр көрсеткіші +22… градусты көрсетсе, 6-ы күні 26 градусқа дейін ысиды. Синоптиктердің болжауынша, аталған аралықта түнгі уақытта ауа температурасы +1… +10… аралығында болады. Сәуірдің 4 және 5 күндері Шығыс Қазақстан аумағында көшпелі бұлт жүріп, 6 сәуірде күндіз жаңбыр жаууы ықтимал.

Мейрамбек Қосажан