Қазгидрометтің хабарлауынша алдағы күндері күн жылынады

279
көрілім

Қазанның 22-24 күндері антициклонның ықпалы бәсеңдейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазақстан аумағына ығысқан антициклон ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Алдағы үш күнде антициклонның әсері кеміп, сынап бағасы көтеріледі» делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Облыс орталығында плюс ауа температурасы тек сәрсенбі күні, 23 қазанда орнайды. Сынап бағанасы 6-8 градусқа көтеріліп, түнде минус 5-7 градусқа төмендемек.