Өңірлерде ыстық түсіретін дәрі-дәрмектің айтарлықтау сұранысқа ие болуына байланысты келесі аптадан бастап аймақтарға препараттар жеткізілетін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көп жағдайда тұрғындардың ыстығы көтеріліп, өздерін жайсыз сезінулеріне қарай қажет дәрілерді артығымен ала бастағандары байқалған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дүрлігудің еш қажеті жоқ екендігін, қорда шалғайдағы елді мекендерге дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету күн тәртібіне қойылғандығын жеткізді.
– Халық ертеңін ойлап, денсаулықтарына баса мән беруде. Бір айта кетерлігі республика көлемінде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Отандық өндірушілер ыстық түсіретін препараттарды көп көлемде сатып алып, аймақтарға жеткізу жоспарын бекітуде. Қазірдің өзінде 70 мың қаптама ингавирин және Терафлюдің 49 мың қорабы жеткізілді. Бір айта кетерлігі, толтырылған хаттамаларға сәйкес аталған дәрілер COVID-19 пандемиясынан қорғану препараттарына жатқызылмайды, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.