«Қажырлы еңбек – табыс кілті» жобасының жеңімпаздары марапатталды

389
көрілім

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлғалардың «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер әзірлеу жобасының жеңімпаздары марапатталды.

Аталмыш жоба мемлекеттік идеологиялық саясаттың бір бөлігі болып табылатын, халықты еңбекке баулу, адал қызмет етуге ұмтылу, ұрпаққа өнеге ретінде үздіксіз білім беруге және өзін-өзі дамытуға шақыру құндылықтарын кеңінен ел ішінде дәріптеуге арналған. 
Жобаның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтары мен ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау болып табылады.


Жобаға білім беру, ғылым, медицина, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп еңбек салалары бойынша қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалар қатысып, тұлғалардың жетістіктері насихатталды.
Аталған 6 сала бойынша қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігімен жетістікке жеткен өмірбаяны, қызметі және жетістіктіктері туралы ақпараттарды Ruh.kz порталының @ruh_qz Instagram парақшасында #қажырлыеңбек #выдающийсяуспех хештегтерін қолдана отырып посттар жариялады.


Жарияланған 654 посттың 282-сі ақпараттық болса, 372-сін еліміздің өңірлеріндегі тұлғалардың өздері жариялаған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша байқауға қатысқан үміткерлеріміздің ішінен ауыл шаруашылық, білім беру және өнеркәсіп салаларынан Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменов (мал шаруашылығы кәсіпкері), Любовь Анатольевна Попова - (өндірістік оқыту шебері), Бабагумар Байбусинов Мухтарович (балқытушы) жеңімпаздар атанды.