Келесі жылы «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қарабаевтың сөзінше, «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастамақ. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Яндекс.Такси” мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар, - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Үкімет баспасөз орталығында Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ билетінің бағасына қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.