2018 жылы Жарма ауданына қоныс аударушы 35 отбасына квота берілді. Олардың ішінде 20 отбасы (78 адам) қоныстанушылар, 15 отбасы (45 адам) оралмандар, деп хабарлайды газет тілшісі Жарма ауданы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2018 жылы оралмандар мен қоныстанушыларға республикалық бюджеттен 10353,0 мың теңге көлемінде субсидия бөлініп, 10 353,0 мың теңге игерілді. Тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін 12 861,0 мың теңге көлемінде субсидия бөлініп, 11 361,0 мың теңге игерілді. Бүгінгі күні 19 оралман отбасы (57 адам) квотаға енгізілді.
Облыстық комиссия мәжілісінде ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша жұмыс күші төмен аймақтардан 21 отбасы (70 адам) келген. Қалбатау ауылына - 1, Шар қаласына - 1, Божегур ауылдық округіне-1, Жарма кентіне – 2, Жарық ауылына -1, Қызылағаш ауылына -1, Бірлікшіл ауылына – 1, Аршалы ауылына – 2, Ақжал ауылдық округіне -2, Бірлік ауылына – 1 және Әуезов кентіне -3 отбасы Алматы облысынан көшіп келсе, Қалбатау ауылдық округіне – 4, Ақжал ауылдық округіне – 1 отбасы Оңтүстік Қазақстан облысынан қоныс аударды.
Жұмыс күші төмен аймақтардан қоныс аударушыларды қабылдауды ұйымдастыру мақсатында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына бару кестесі бекітілді. Сапардың нәтижесінде Жарма ауданына Түркістан облысынан - 15, Жамбыл облысынан - 10, Алматы облысынан – 12, Қызылорда облысынан – 10 отбасы Жарма жеріне қоныс аударуға ниет білдірді.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ