Кезек Қайсановқа келді

2488
көрілім

Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде 74 келіде өнер көрсететін палуандарымыздың бірі белдесулерінің бірінде есе жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

74 келі салмақтағы Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов күтпеген жерден мысырлық Реда Рамадан Гуссенге жол берді. Қарсылас ұпай санымен алда тұрғанымен, орайлы сәт туындағанда белден қапсыра ұстап, бозкілемге жауырынымен жатқызды. Айта кетейік, осыған дейін ресми күрес парақшаларының бірінде 74 келіде салмақта көкпектілік Данияр Қайсанов пен солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпановтың қайсысы жоғары нәтиже көрсетсе, Олимпиада ойындарына бару мүмкіндігі де жоғарылайтындығы жазылған-тұғын. Алда Қайсанов бозкілемге беттейді. Одан бөлек, бүгін 125 келіге дейінгі салмақтағы риддерлік Олег Болтин де өз мүмкіндігін байқайды.