Шығыс Қазақстан облысында тасқын су басу кезінде кемшіліктер жіберіп, жағдайдың ушығуына себепкер болған мекемелерді тексеру басталды.
28 наурыз күні Семей қаласына тасқын су жайылып, бірнеше үйді су басты. Басты себеп Ертістің ернеуінен асуы. Оның Шүлбі ГЭС-гі апатты су жіберу салдарынан орын алуы мүмкін деген нұсқа да жоқ емес. 28 наурыз күні қалада Төтенше жағдай жарияланды.
Трансшекаралық өзенде пайда болған мұз кептелісін жарып кетірмек болды. Нәтижесінде жарылыс толқыны сол маңдағы көпқабатты үйлердің терезелерін күл-талқан етті.
- Нақты жағдайлар бізге айқын. Шүлбі суқоймасынан су бір сәтте жіберіліп, нәтижесі белгілі болды. Біз өз тарапымыздан орын алған оқиғадағы адами фактор мен субъективті себептерді анықтамақпыз. Қазіргі уақытта Төтенше жағдай жарияланған барлық аудандарда арнайы тексеру басталды, - дейді ШҚО Прокуроры Құсаин Игембаев.
Ерлен ОСМАНОВ