«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша» өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Оралғазықызы және Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша» өңірлік Қоғамдық кеңесінің төрағасымен мүшелері қатысты. Аудан қалалардағы қоғамдық кеңестердің төрағаларымен мүшелері және облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдері онлайн режимде қосылды.
Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының және өңірлік Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 28 маусымдағы отырысының № 2 хаттамасының 1-тармағын орындау бойынша аудан қалалардағы осы салаға жауапты мамандармен аумақтық «Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша» кеңестердің жетекшілерінің есептері тыңдалды.
- Біз бүгінгі күнде жүзеге асыру уақыттынан кешіктіріліп жатқан Жол картасында нақты көрсетілген индикаторлардың мәселелерін назарда ұстауымыз керек. Жаупты мемлекеттік мекемелермен бірлесіп мәселенің шешілуін қолға алу қажет. Қоғамдық кеңестер өз кезегінде осы сұрақтар бойынша өзекті мәселені бақылауда ұстауы тиіс- деді - деді Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Александрович.
Жалпы бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Әлеуметтік бағдарланған өңір» бағыты бойынша Жоспарланған 3 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталуда. Семей қаласында Ядролық медицина орталығы пайдалануға берілді, Өскемен қаласында облыстық онкология және хирургия орталығының маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогын жаңғырту аяқталды. 6 ауылдың медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.