Қазақстандықтарға коронавирус инфекциясы мен қызылшаның алдын алу мақсатында тағы да маска тағу ұсынылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Kazinform сайты дерегінше, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы тиісті Қаулыға қол қойды.
Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды қолдануы, антисептиктердің болуы, COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
-Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол) медициналық немесе мата маскаларын пайдалануды ұсыну тапсырылды, - делінген Қаулыда.
Қаулы бүгін күшіне енді.