ANTIKOR.LIVE жобасы аясында өткен брифинг барысында Көкпекті аудандық білім бөлімі басшысының әлеуметтік желіде жарияланған аудиожазбасына қатысты жауап берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, осыған дейін сайт редакциясына бірнеше ауылдан хабарласқан ата-аналар тарапы оқушыларға екпе салудың соңы мәжбүрлеуге ұласып бара жатқандарын жеткізген-тұғын. Бұйыра сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы 16-17 жастағы жасөспірімдерге бірінші лекпен вакцина салынатындығын айтып, оқушы саны айтарлықтай аз елдімекенде, оның ішінде Қараөткел ауылы бар, бес оқушы болса да тегіс вакцина салдыруды басшылыққа алды. Дәл осы жағдайда қатысты жауапты тұлға былай деді:
– Иә, ондай фактінің тіркелгендігі рас. Бөлім басшысының бұл аудиожазбасын заңсыз деп санаймыз. Басқарма тарапынан оған сөгіс жарияланды, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.