Сарыбелдіктер бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасовсқа жеткізіп, мәселенің бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқандығын алға тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауылдарды аралап, тұрғындармен кездескен аудан басшысы бірқатар мәселені құлағы шалды. Сарыбел ауылынан хабарласқан тұрақты оқырмандарымыздың сөзінше, Ертіс өзені жағалауындағы қоқыс мәселесі ғана емес, тұрғындардан тыныштық кеткелі бірнеше жылдың жүзі болды.
– Отағасы екеуіміз зейнет жасындамыз. Жаз айларында үлкен ұлымыз немеремізді әкеліп, тамыз айына дейін ауылда жүреді. Кеш қарая жақын маңда демалып жатқандар музыканы бар даусына қойып, барша тұрғындардың берекесін алады. Мұны бір емес, талай рет байқадық. Немерем де түнде жиі оянып, ұйқысы шайдай ашылып кеткенін сан рет айтты. Тым құрығанда жағалауда тәртіп қадағалайтын адам да жоқ, – дейді Баян Мұратова (аты-жөні өзгертілген).
Тұрғынның сөзінше, демалушылар қоқысты ауыл ішімен өтіп бара жатып шашып кететін көрінеді. Осы және өзге де тұрғындардың қызына айтқан мәселелерінен хабардар болған аудан басшысы аталған сауал жуықта ауылға тағы бір мәрте келгенде жан-жақты талқыға салынатындығын жеткізді.