Көкпекті ауданында 60 көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
11 ақпанда кешке қарай Көкпекті ауданындағы Байбура мен Өмеш асуында 60 көлік қалың қарға батып қалған. Оларға бірден №33 өрт сөндіру бөліміндегілер көмекке ұмтылған.
- Қар құрсауында қамалған 200-ге жуық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазірде олар Көкпекті ауылындағы Шәйжүнісов және Көкпекті орта мектептеріне, туыстарына және қонақүйлерге орналастырылды, – деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.