Қараша айының басында Көкпекті ауданында ер адам елікті рұқсатсыз атқаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды газет тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Орман және жануарлар әлемі аумақтық инспекция қызметкерлері рейд жүргізіп, браконьерді анықтады.
– Төртінші қараша күні заңсыз аң аулау фактісі анықталды. Көкпекті ауданының тұрғыны рұқсат қағазынсыз екі елікті атып алған. Оған қоса оның мылтық ұстауға қажетті құжаттары да болмаған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп жеткен. Қазіргі уақытта заң бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушыға 1 млн. 134 мың 500 теңге айыппұл салынбақ.