Көкпекті ауданының барлық селолық округтерінде 2018 жылдың 1 наурызынан бастап тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда. Сонымен қатар Көкпекті ауданының ТЖБ, аудандық ішкі істер бөлімімен, білім беру бөлімімен, медициналық, байланыс, энергетика қызметтермен күнделікті ақпарат алмасу ұйымдастырылған. Каналдарды, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін ауыл шаруашылық құрылымдары, кәсіпорындар және ұйымдарымен 178 келісім шарттар жасалынған.
Жалпы аудан бойынша тасқын суды бөгетсіз өткізу үшін 26 көпір, 518 су өткізгіш құбыр қардан және мұздан тазартылуда. Жалпы ауданға 10 мың дана қап, 10 тонна дизель отыны сатып алынды.
Самар, Көкпекті, Құлынжон, Тассай селолық округтар аумағында инертті материал алатын карьердің орыны белгіленген, баратын жолдар бар.
Көкпекті ауылында ДЭУ-29 жол ұйымының территориясында 600 тонна инертті материал, Самар ауылында ДСУ -14 жол ұйымының территориясында 300 тонна инертті материал дайындалды.
«Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен 2018 жылы 18 қаңтарда келісім-ниет шартымен, сондай-ақ жару жұмыстарымен айналысатын «Востоквзрывпром» ЖШС ұйымымен 2018 жылы 18 қаңтарда келісім-ниет шарттары жасалынды. Сонымен қатар, Аудандағы жол ұйымдарымен 48 техникаға келісім ниет шартары жасалынды.
Барлық селолық округтерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша 26 көпір, 359 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда. Оның ішінде:
1) Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 9 көпір, 69 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.
2) Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 11 көпір, 163 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.
3) Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 6 көпір, 127 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.