Еріктілердің айтуынша, Семей қаласының тұрғыны кісі қолынан қаза болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
1963 жылы туған Владимир Ефанов Көкпекті ауданындағы тауға 11 шілде күні "УАЗ" маркалы (нөмірі 253 FLA) көлігімен шыққан. Ер адам сол уақыттан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Volontery_semey_LIDER.KZ еріктілер тобы мүшелерінің сөзіне сенсек, демалыс күндері Владимирдің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, Владимир Ефанов зорлықпен өлтірілген. Оқиғаның бүге-шүгесі анықталуда.
kokpekti_audanynda_tauda_zhohalyp_ketken_e
66