Оқиға Омбы-Майқапшағай тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
28 мамыр күні түңгі сағат 00.00-де Көкпекті ауылынан 12 шақырым жерде екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.
- Екі көлікте де жүргізушілерден басқа жолаушылар болған. Жүргізушілердің біреуі алған ауыр жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қалған жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға себебі анықталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.