Жаңартылған білім бағдарламасын обрабациядан өткізу мақсатында Қазақстан бойынша отыз пилоттық мектеп таңдалып алынған болатын. ШҚО-дан таңдалған екі мектептің бірі – Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылының Абай атындағы мектеп- балабақша кешені, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл мектептің ұжымы іс-тәжірибе алаңында төрт жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, 2019 жылы үздік нәтижемен аяқтады. Қазақстан бойынша жаңартылған білім бағдарламасының алғашқы қадамдары осы мектептерден басталды. Нәтижесінде бірнеше мектеп ұстаздары ҚР білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және «Ы.Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталды. Төрт жыл бойы жиналған тәжірибені тарату мақсатында бұл мектепте «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім мен тәрбие берудің жаңа мазмұны» атты семинар өтті.
– Семинардың мақсаты – Жаңартылған білім беру үрдісіне белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, әдістемелік көмек көрсету, және біліммен тәрбиені өзара ұштастыру. Сонымен қоса білімді ұрпақ тәрбиелеу. Шараға бүкіл ауданнан 50 мұғалім қатысып, нәтижелі жұмыстың куәсі болды, – дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрғазықызы.
Таунар ҚАЙРАТ