Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуырда аудан басшысы Сарыбел ауылдық округіне қарасты Новостройка ауылында болып, тұрғындарымен жүздесті.
– Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйеніп, ауыл тұрғындарының толғандыратын мәселелерін тыңдап, мәселелерді шешу бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктедім. Алдағы уақытта Новостройка ауылын жан-жақты дамыту бойынша жұмыстар қолға алынады, – деді Серікқазы Құсайынұлы.