Биыл Көкпекті ауданында білім саласына 3 млрд 600 млн теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов мәлімдеді.
- Аудан бюджеті шығындарының негізгі бөлігі білім саласында. Осы жылы Теректі және Үлгілімалшы ауылдарындағы мектептерге 2 автобус, 2 жылыжай мен жаңа компьютерлер сатып алынды. 120 млн теңгесіне білім ордаларына жөндеу жұмыстары жүргізілген, - деді ол.