Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Ауданның 50 елді мекенін байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 72,5% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайына қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тассай ауылының күре жолына орташа жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамтудың «Жол картасы бағдарламасы-2020» аясында Преображенка – Шұғылбай ауылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы бағытындағы автомобиль жолының 54 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
– Қазіргі уақытта ұзындығы 35 шақырымдық «Көкпекті-Биғаш» тасжолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Қараөткел ауылына кіреберістің 30 шақырымы, Қойтас ауылына кіреберістің 10 шақырымы, Тассай – Үшкөмейдің 9 шақырымы, Толағай ауылына кіреберістің 18 шақырымы, Преображенка – Үкіліқыздың 7 шақырым жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді өз сөзінде Серікқазы Сәдуақасов.