Көкпекті ауданының орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

1293
көрілім

Жаңа спорттық нысан "Ауыл ел бесігі" жобасы аясында бой көтермек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов мәлімдеді.

- Көкпекті ауылында жобалық құны 788 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл қаражаттың 404 млн. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген. Жоспар бойынша спорттық нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады, - деді аудан әкімі.

Қоса кетсек, бүгінде Көкпекті ауданында 190 спорттық құрылым нысаны бар.