Көкпекті ауданының Самар ауылында Абай атындағы орталық алаң абаттандырылмақ

395
көрілім
Шартты фотосурет

Хәкім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында бұрынғы аудан орталығы болған Самар ауылында абаттандыру жұмыстары қолға алынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдиннің сөзінше, осы жылы Самарда бірқатар көшелер жарықтандырылып, көгалдар мен жасыл желектер отырғызылады. Бұдан бөлек, Абай атындағы орталық алаңы маңына тас төсеуіш, гранитті жиектас орнатылмақ.

Нұрбек АСҚАРОВ