Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасын орындау және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 5 маусым күні Көкпекті ауданының Самар ауылында «Электрондық қызметтерді көрсету орталығы» ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл орталық Самар ауылы тұрғындарының «E-gov» «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізуге жеңілдету мақсатында құрылған. Енгізілген жүйе органдардың интернет порталдары арқылы жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді ұсынуды көздейді. Сонымен қатар тұрғындар енді мемлекеттік органға жүгінбей «E-gov» «Электрондық үкімет» порталы арқылы өздеріне қажетті электрондық қызметтер алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы қадамдардың бірін жасайды.
Айта кетсек, Көкпекті ауданының аумағында 26 «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары бар. Олар ауылдық округ әкімшіліктері мен кітапхана ғимараттарында орналасқан. Орталықты ашу үшін Самар ауылының әкімшілігі ғимаратынан арнайы бөлме белгіленіп, заман талабына сай ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіліген. Электрондық қызметтерді көрсету орталығында жауапты маман бекітіліп, жеке интернет орны мен WI-FI желісі орнатылып, қажетті жиһаздар мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге, қызмет алушыларға арналған күту орны дайындалып, балалар ойын алаңы мен бейне бақылау жүйесі орнатылған. Алдағы уақытта Самар ауылының тұрғындары электрондық қызметтерді осы электрондық қызметтер көрсету орталығынан жұмыс күндері сағат 09.00 – 18.30 дейін келіп ала алады.