Көкпекті ауданының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылса да рөлге отырған

513
көрілім

Құқық бұзған көкпектілік тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 851 қылмысты ашылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап, өзімен алып жүргені үшін 31 адам ұсталса, іздеуде жүрген 12 адамның орналасқан жері анықталды. Оның ішінде тоғызы былтырдан бері жасырынып жүрген.

- Тексеру барысында көлік басқарған 34 жастағы Көкпекті ауданы тұрғынының заңнан аттағаны анықталды. Ер адам осыған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған, енді оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-1-бөлігіне (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан көлік жүргізу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адамға 214 410 теңге айыппұл салынды, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.

Жедел-алдын алу шарасы басталғалы барлығы 11 000 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.