Көкпекті ауылындағы 10 көшенің жолы жөнделуде

639
көрілім
Шартты фотосурет.

Биылғы жылы Көкпекті ауданының орталығында "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында 10 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Асхат Смаиловтың айтуынша, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын көлік жолын жөндеуге 163.3 млн теңге қаражат бөлінген.

- Бүгінде "Тассай-Үшкөмей", "Бастаушы-Қараөткел", "Үлкенбөкен-Ақой", "Биғаш-Егінбұлақ" бағытындағы жолдар мен Шәріптоғай және Қойтас ауылына кіре беріс жолдар тегістелген. 2019 жылы аудандық маңызы бар көлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделмеген, - деді ол.